Табиғатты қорғау – әрбір азаматтың қасиетті борышы. Осы мақсатта “Лесная сказка” сауықтыру лагерінде өтіп жатқан оқушылардың әскери-далалық жиындары аясында орман өрттерінің алдын алу бағытында арнайы түсіндірме жұмыстары ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында мемлекеттік орман инспекторлары оқушыларға орман өрттерінің негізгі себептері, оларды болдырмау жолдары және табиғатқа ұқыпты қараудың маңыздылығы жөнінде жан-жақты ақпарат берді. Сонымен қатар, орман алқаптарын өрттен сақтау үшін қандай әрекеттер жасау қажет екені жайлы нақты кеңестермен бөлісті.

Болашақ жауынгерлер мен ел қорғаушылары табиғатты сақтауға да дайын екенін көрсетті. Олар алған білімдерін іс жүзінде қолдануға дайын екендіктерін білдіріп, қоршаған ортаға деген жауапкершіліктерін нақты әрекеттерімен көрсетті.

Табиғатты бірге қорғайық!
Орман өртіне жол жоқ!

 

image-15-05-25-11-37.jpegimage-15-05-25-11-37-1.jpegimage-15-05-25-11-37-2.jpeg