Орман табиғаты резерватына Павлодар қаласының N 9, 16, 34 мектептерінің оқушылары келді.
🌱 Экскурсия өскелең ұрпақтың қоршаған ортаға деген қамқорлық пен экологиялық мәдениетті тәрбиелеуге бағытталған «Таза Қазақстан» республикалық акциясына қатысудан басталды.
🌳 Экоакция барысында балалар Шалдай ауылындағы Дендросаябақ пен авиа бөлімінің аумағына пирамидалық терек, мойыл, емен ағаштарының көшеттерін отырғызды.
🔗 Экскурсияның екінші кезеңі өрт кезінде қаза тапқан батырларды бір минуттық үнсіздікпен еске алды.

📍Бағдарламаға сәйкес оқушылар РМҚК "Қазавиаорманқорғау" Павлодар авиа бөлімшесі, орман тұқымбағына, өрт сөндіру бөлімшесіне барды, экскурсияның екінші күні балалар "Лешканың соқпақ жолы “ 12 туристік бағытына барды.

📌 Бұл іс-шара тікұшақ ұшқышымен, орман өрт сөндіру станциясының қызметкерлерімен, мемлекеттік инспекторлармен тікелей танысуымен қызықты болды.

🍃 Жас туристер орман тұқымбағыга барды, онда олар кішкентай қарағайлардың қалай пайда болып, табиғи күшке ие болғанын көре алды.

🍃 Балалар қоршаған ортаны қорғауға қатысты сұрақтарды қызығушылықпен тыңдап, жауап берді.

🌱 Табиғатпен, оны қорғаумен тікелей айналысатын адамдармен тығыз қарым-қатынас балалардың экологиялық мәдениетінің деңгейін көтереді табиғатқа деген сүйіспеншіліктері артады.

 

IMG-20241105-WA0003.jpgIMG-20241105-WA0004.jpgIMG-20241105-WA0005.jpgIMG-20241105-WA0006.jpg