Орман сусары (Martes martes)– күзен тұқымдасына жататын жыртқыш аң. Ол Еуропа мен Азияның жалпақ жапырақты және аралас ормандарында кездеседі. Денесі сымбатты, құйрығы үлпілдек, ал көмей тұсында ерекше ашық түсті «алқасы» болады.
Орман сусары туралы қызықты деректер:
✔️ Өмір салты:Жалғыз өмір сүреді, негізінен ымыртта және түнде белсенді. Ағаштарға жақсы өрмелейді және ұзақ қашықтықты еркін еңсереді.
✔️ Қоректенуі:Барлығын жей алады, бірақ негізінен тиін, кеміргіштер, құстар, жәндіктер, жидектер мен жаңғақтармен қоректенеді.
✔️ Көбеюі:Көктемде төлдейді, ал күшіктерін аналықтары өсіріп, қорғайды.
Орман сусары – Қазақстанның Қызыл кітабына енген сирек кездесетін жануарлардың бірі. Оны қорғау – биологиялық әртүрлілікті сақтаудағы маңызды қадам. 🌿🐾
Резерват аумағында орман сусарының саны қарқынды өсіп келеді. Егер 2019 жылы бұл ерекше жануарлардың саны 45 дарақты құраса, 2024 жылы ол 100 дараққа жетті! 🐾
Бұл – табиғатты қорғау шараларының және барлығымыздың ортақ еңбегіміздің нәтижесі. Табиғатқа деген қамқорлығымыз өз жемісін беруде! 💚