2025 жылдың 21 қарашасында ғылыми қызметкер Егембердиев Қ.Ш. Шақа орта мектебінің оқушыларына «Табиғатты қорғауда жергілікті тұрғындардың рөлі» тақырыбында танымдық дәріс өткізді.
Кездесу барысында оқушылар:
— экожүйелерді сақтауда жергілікті халықтың қатысуы неге маңызды екенін;
— күнделікті өмірде әр адам қолдана алатын табиғатты қорғау шараларын;
— бірлескен еңбектің өңірдің табиғи байлығын сақтауға қалай көмектесетінін білді.
Мұндай шаралар экологиялық ойлауды қалыптастырып, жастарды қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға ынталандырады.



