Қыс – орман үшін үлкен сынақ. Ауа райының қолайсыздығы, қарлы борандар мен қалың қар орманшылардың жұмысын қиындатса да, табиғатты қорғау – басты міндет. Осындай қиын сәттерде ат патрулі үлкен көмекке келеді!
Сейтен орманшылығында 6 қызметтік жылқы бар. Олар орманшылардың сенімді серігіне айналған. Аттар арқылы жолсыз, қар басқан алқаптарды оңай аралап, заңсыз ағаш кесу, жануарлар әлемін қорғау іс-шаралар жүргізеді.
Ат патрулі – орман қорғаушыларының дәстүрлі әрі тиімді көмекшісі. Аттың төзімділігі мен ептілігі орманшыларға табиғатты қорғау жұмыстарын үздіксіз жүргізуге мүмкіндік береді.
Орман – халқымыздың қазынасы. Оны қорғау – әрқайсымыздың парызымыз!
Табиғатты бірге қорғайық!