Өрт қаупі бар кезеңде мемлекеттік орман қорының аумағында мыналарға жол берілмейді:
- қылқан жапырақты жас шыбықтарды, өртенген учаскелерде, зақымдалған орман учаскелерінде, ағаш кесу қалдықтары мен дайындалған ағаш кесілген жерлерде, кепкен шөптер бар жерлерде, сондай-ақ ағаш бұталарының астында өрттерді жағуға;
- жанар-жағар май сіңген материалын арнайы қарастырылмаған жерлерде қалдыруға;
- іштен жану қозғалтқыштары жұмыс істеп тұрған кезде жанармай бактарын толтыру, қозғалтқыштың қуат жүйесі ақаулы машиналарды пайдалану, сондай-ақ жанармай құйылатын машиналардың жанында темекі шегу немесе ашық отты пайдалану.
Мемлекеттік орман қоры жерлерінде және орман қорына тікелей іргелес учаскелерде, сондай-ақ қорғаныш және көгалдандыру екпелеріне орман алқаптарында, шалғындарда, жайылымдарда және сабандарда шөптерді, бұталарды өртеуге тыйым салынады.