Ағымдағы жылдың 15 қараша күні табиғи резерват ғимаратында резерваттың бас директоры Арман Досымханұлы, Павлодар облысы орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекция басшысы Руслан Мәлікұлы және орынбасары-әдеп жөніндегі уәкілі Қайрат Болатұлы "Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу. Мекемелердегі сыбайлас жемқорлық жағдайларын талдау." тақырыбында жиналыс өткізді. Жиналысқа табиғи резерваттың инженерлік құрамы, мемлекеттік инспекторлар қатысты.


Руслан Мәлікұлы орман шаруашылығы саласындағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар бойынша істің жай-күйімен қысқаша таныстырып өтті.17.09.2021 жылғы отырыстың хаттамасы бойынша қабылданған шараларға тоқтала кетіп, орындалмаған бөлімдер бойынша нақты міндеттер жүктеді.Табиғи резерваттың заңгері Мұрат Зүпарұлы "Ертіс Орманы" МОТРМ РММ-де сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша бекітілген іс-шаралар жоспары аясында атқарылып жатқан жұмыстар бойынша есеп берді.
Әбілбаев Қ.Б. - жиналғандарды «Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп кодексінің» негізгі ережелерімен таныстырды.
Жиналыс соңында табиғи резерват басшылығына бірнеше тапсырмалар берілді,атап айтқанда мекемедегі электрондық құжат айналымын енгізу, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою мақсатында мемлекеттік инспекторлардың хаттамаларды электрондық тіркеуі үшін бейнежетондар мен планшеттерді сатып алу.