Биологиялық әртүрлілікті сақтау "Ертіс орманы" табиғи резерватының басты міндеттерінің бірі болып табылады, жануарлар дүниесін қорғау мақсатында аңшылықтанушылар күн сайын биотехникалық іс-шаралар жүргізеді.

 «Қыстың қамын жазда ойла» демекші, жаз шығып,  еңбек науқаны басталысымен  қаһарлы қысқа тыңғылықты дайындалу жұмыстары басталатыны белгілі. 

Осы орайда "Ертіс орманы" мемлекеттік орман табиғи резерватының аңшылықтанушылары Аққулы және Шарбақты  аудандарының қарағай ормандарында мекендейтін жабайы жануарлардың қыстауына дайындалуда.

Қазіргі уақытта аңшылықтанушылар азықтандыру алаңдарын, сондай – ақ бірегей таспалы борларда бұғы-бұлан, елік тұқымдастарына арналған жусан,қайын,көктерек өсімдіктерден 2000 дана азықтық сыпырғыштар және 50 центнер шөп дайындалды.

Алдағы қыстауға мұндай дайындық орман тұрғындарына көптеген қиындықтарды және қыста аштықты жеңуге мүмкіндік береді.

Күнделікті аңышылқтанушылар жануарлар дүниесін қорғау бойынша бекітілген орман аумағында патрульдеу жүргізуде.

Осы жылдың басынан бастап резерват аумағында орман күзетінің адал жұмысының арқасында браконьерлік оқиғалары тіркелген жоқ.