Жоғары  өрт қауіптілігінің жоғарғы IV класына байланысты «Ертіс орманы» табиғи резерватының орманына кіруге шектеу қойылады.

Ормандарды өрттен сақтау-әр азаматтың міндеті. Сондықтан өңір жұртшылығын табиғатқа ұқыпты қарауға және өрт қауіпсіздігін барынша сақтауға шақырамыз. Қоршаған ортаны өрттен бірге сақтайық!

Өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін кінәлі адамдар ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

ЕҚТА аумағында өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік айыппұл 100 және одан жоғары АЕК құрайды.

Егер өртті өз күшімен жою мүмкін болмаса, ол туралы келесі телефон арқылы орман күзеті немесе ТЖ қызметкерлеріне хабарлауды ұмытпаңыз.

8 (71836)32-2-22, 8 (7182)78-77-32 немесе 101.

ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ ЕРЕЖЕЛЕРІНІҢ ТАЛАПТАРЫН САҚТАҢЫЗ!