Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында Шарбақты ауданы әкімі Әзілхан Кәріғұлұлы Әбеуов «Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының бас директоры Арман Досымханұлы Бектеміровке Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Алғыс хатын табыстады. Алғыс хатта «Қазақстан Республикасының Президентін сайлау науқанына дайындық және оны өткізу жұмыстарына қосқан үлесі үшін алғыс айтамын! Біз күш-жігерімізді жұмылдырып, барша азаматтарға бірдей мүмкіндік беретін мемлекет- Әділетті Қазақстанды бірге құрамыз деп сенемін. Сізге және жақындарыңызға зор денсаулық, бақ-береке тілеймін. Ел игілігі жолындағы еңбегіңіз жемісті болсын»– делінген.
Арман Досымханұлы табиғи резерваттың бас директоры лауазымына ағымдағы жылдың сәуір айында тағайындалды.
Орман шаруашылығында10 жылдан астам еңбек өтілі бар.
«Ертіс орманы» МОТР РММ ұжымы жұмысыңызға табыс тілейді, мансабыңыз өсе берсін!