Жаратушы Алла берген қасиеті жер жарған дара тұлғалардың бірі, қазақтың бір туар азаматы - сынықшы Мерғалым ата еді.
Қазақ даласына есімі мәшһүр болған жерлесінің құрметіне орай ауыл адамдары өз ауылына Мерғалым атаның есімін берді.
Мерғалым ауылы мектебінде Мерғалым атаның мұражайы бар.
2017 жылы резерваттың туризм бөлімі «Қасиетті Мерғалым ата» зиярат ету маршрутын ашты.
2018 жылы "Ертіс орманы" МОТР РММ басшылығымен Мерғалым ата жерленген жерге жақын жерден Мерғалым ата қонақ үйі құрылысына ағаш үй бөлді.
Құрылыс барысы туризм бөлімінің маманы, Мерғалым ауылының тұрғыны Раушан Байдүйсенованың бақылауында.
Қою жасыл түсті металлочерепицалы үлкен ағаш үй 200-ден астам зиярат етушіні сыйдырта алады.
Қонақ үй қабырғаларымен едендері ағашпен қапталған үлкен кең залы мен асханасы, намазханасы бар жайлы бөлмелерден тұратын болады.
Ауласында тамақ әзірлеуге арналған пештері бар үй орнатылып, қысқы уақытта дәрет алуға арналған бөлме салынды.
Жобада:
- 9х12 өлшемді шайхана (жазғы үй) салу,
- тас жолдар төсеу,
- аумақты абаттандыру,
- сумен жабдықтау желісін жеткізу,
- жазғы уақытта дәрет алу үшін орын салу.
Қонақ үй ашылғанға дейін әлі де бір емес жұманың жұмысы тұр.
Мерғалым ата қонақ үйін абаттандыруда, құрылыс материалдарын жеткізуде көптеген тұрғындармен оның ішінде балалар да бар, көмек көрсетуде.
Қонақ үй өз жайлылығымен, қолайлы атмосферасымен, ерекше энергиясымен баршамызды әлі де қуантады деп сенеміз. Сонымен қатар әлі де қаншама еңбекті қажет етеді.
Қасиетті Мерғалым атаның қонақ үй кешенін тұрғызуға ат салысқан адамдар үлкен құрметке ие.