«Ертіс орманы» МОТР РММ аңшылықтанушы міндетін атқарушы Қанат Егембердиев және Шалдай филиалының «Жерді алаң» орманшылығының аңшылықтанушысы Диас Досымхан «Халық радиосы» эфирінде «Аң аулауға тыйым салынады» тақырыбында сұхбат берді.

Сұхбат барысында мамандар мемлекеттік орман табиғи резерваты аумағында аң аулауға тыйым салынғанын айтып, ерекше қорғалатын табиғи аумақтың белгіленген режимін сақтау қажеттігін және оны бұзғаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.

🌲 Жабайы табиғатты және оның мекендеушілерін қорғау — баршамызға ортақ міндет.

 

 

image-11-09-26-02-20.jpegimage-11-09-26-02-20-1.jpeg

image-11-09-26-02-20-2.jpeg