Демалыс күндері табиғатты қорғау шаралары күшейтілді
Жаңа жыл қарсаңында өңірімізде табиғатты қорғау шаралары күшейтілген режимде жүргізілді. Демалыс күндері мемлекеттік инспекторлар мен арнайы бекеттер табиғат қорғау қызметін үздіксіз атқарды.
Құрметті өңір тұрғындары! Табиғатты қорғау – баршамыздың ортақ міндетіміз. Қоршаған ортаны таза әрі қауіпсіз ұстау үшін баршамыз жауапкершілікпен қарауымыз қажет. Егер заңсыз әрекеттерге немесе табиғатты бүлдіру фактілеріне куә болсаңыз, тиісті органдарға хабарлауыңызды сұраймыз.
Табиғатты қорғау – болашаққа қамқорлық!