Павлодар облысының Туризм және спорт басқармасының ұйымдастыруымен Ертіс орманы аумағында ақпараттық тур өтті.
⠀
Делегация құрамында ҚР Туризм және спорт министрлігінің өкілдері, «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы, туроператорлар және блогерлер болды.
⠀
Қонақтар резерваттың туристік әлеуетімен танысып, келесі нысандарға барды:
🔹 Ғабдул Уахит Хазрет кесенесі
🔹 «Қарағай алаңы» қонақ үйі
🔹 «Лешкинаның соқпақ жолы» жаяу жүргінші бағыты
⠀
Күзгі табиғат, қылқан жапырақтың хош иісі мен орман көрінісі, жылы қабылдау қонақтарға ерекше әсер сыйлады.
⠀
Турдың басты мақсаты — экотуризмді дамыту және Павлодар облысының табиғи байлығын насихаттау.
⠀