Ағымдағы жылдың 11 тамызында ғылым, ақпарат және мониторинг бөлімінің мамандары Бесқарағай филиалы аумағында жануарларды сақтау және қорғау мақсатында орындалып жатқан биотехниялық іс-шаралар барысын тексерді.

Атап айтқанда жасанды суару құрылғылары, азықтандыру алаңдары, астаулар және жем шөп алқаптары тексерілді. Жасанды суару құрылғыларының аумақтарында көптеген жануарлардың іздері және суда жүндері байқалады, бұл су құрылғысына жануарлардың тұрақты келетінінің белгісі.
Аңшылықтанушылар резерват аумағында мекендейтін жануарларды қорғау бойынша іс-шараларды күнделікті жүргізеді.