"Жұмысым – жүрегімнің қалауы!" – дейді Исабеков Аязби, орман шаруашылығында 20 жылдан бері көлік жүргізушісі болып еңбек етіп жүрген маман.
Техник-механик мамандығы бойынша білім алған ол, тек көлік жүргізіп қана қоймай, техниканың әрдайым мінсіз жұмыс істеуін қадағалайды. Орман шаруашылығында жүргізушінің рөлі ерекше маңызды! Олар орман қалпына келтіру, орман қорғау жұмыстарына қатысып, өртке қарсы күресте алдыңғы шепте жүреді.
Осындай еңбекқор мамандардың арқасында табиғатты сақтау ісі ілгерілеп, орман алқаптары кеңейіп келеді. Еңбегі еленген әрбір жанға алғыс білдіреміз!