14 шілде күні Торайғыров Университетінің биология ғылымдарының кандидаты, ботаник, профессор Камкин В.А., А. Х. Ержанованың жетекшілігімен «География үйінің» жас өлкетанушылары, ата-аналар резерват аумағына экскурсияға келді. «Ертегіде қонақта» туристтік маршрутынан бастау алған экскурсия , «Өз өлкеңді таны», «Лешканың соқпақ жолы» туристтік маршруттары бойымен жүріп отырып, «Ғабдұл Уахит Хазірет» туристтік маршрутымен аяқталды.


Сонымен қоса, «Қарағай алаңы» қонақ үйінде, Шалдай орман питомнигінде, жабайы жануарларға арналған жасанды су қоймасында болды.
Экскурсия барысында туристтерге табиғи резерваттың туризм және экологиялық ағарту, ғылым, ақапарат және мониторинг бөлімдерінің мамандары өлкеміздің табиғи байлықтары, тарихы, табиғи ескерткіштер жайлы қызықты ақпараттармен бөлісті.