«Парктер шеруі» акциясы аясында «Табиғат-Ертегі» атты фотокөрме ұйымдастырылды!

Көрмеде резерватымыздың әсем табиғаты бейнеленген ерекше суреттер қойылды.
Жасыл орман, жануарлар әлемі, көркем көріністер — барлығы көрермендерді ерекше әсерге бөледі.

Оқушылар көрмені үлкен қызығушылықпен тамашалап, табиғаттың сұлулығына сүйсінді.
Мұндай шаралар жас ұрпақтың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттырып, экологиялық мәдениетін қалыптастыруда үлкен рөл атқарады.

Табиғат – ертегі сияқты!
Оны қорғау – бәріміздің ортақ міндетіміз!