Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Ертіс орманы» мемлекеттік табиғи резерватының Егінді орманшылығында сенбілік ұйымдастырылды. ⠀
Іс-шара барысында орманшылық қызметкерлері мен мемлекеттік инспекторлар аумақты тұрмыстық қалдықтардан тазалап, табиғи ортаны сақтауға үлес қосты. ⠀
Нәтижесінде бірнеше гектар жер қалдықтардан тазартылып, экологиялық тәртіпке сай абаттандыру жұмыстары жүргізілді. ⠀
Бұл шара – қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттырып, табиғатты аялау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам. ⠀
Таза орта – салауатты болашақ кепілі! ⠀

