Туристік маршрут Павлодар облысы, Шарбақты ауданы, «Ертіс орманы» МОТР РММ-нің Шалдай филиалының Садықашы орманшылығының аумағында (24 телім 28 орам) орналасқан.
Туристтік маршрутқа жыл басынан келушілер саны 7000-нан астам адамды құрады.
Маршрут орман екпелерінің құрамы ерекше және өзінің әсемдігімен және экологиялық таза ауасымен ерекшеленетін таспалы бордың аумағы арқылы өтеді.
Кесене аумағында түнеуге болатын барлық жағдай жасалған үй бар.
Маршрут аумағында келушілерді "шырақшы" (нұсқаушы) қарсы алып, барлық сапар уақытында бірге жүреді.