Абай облысы Бесқарағай ауданындағы Қайрат Рысқұлбеков атындағы орта мектепте облыстық «Дарын» орталығы ұйымдастырған «Экологиялық мәдениет және „Адал азамат“ құндылықтары: өңірдегі зерттеу жобаларының заманауи бағыттары» тақырыбында тәжірибелік воркшоп-семинар өтті.
🌱 Іс-шараға «Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының, «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының өкілдері, сондай-ақ Шегірен орта жалпы білім беру мектебінің мектеп орманшылығының мұғалімдері мен жетекшілері қатысты. Сонымен қатар семинарға педагогтар, әдіскерлер, мектеп музейлері мен экологиялық бірлестіктердің жетекшілері, аудандық және облыстық білім беру ұйымдары мен табиғат қорғау мекемелерінің мамандары қатысты. Қатысушылардың жалпы саны 100 адамды құрады.
📚 Семинар барысында қатысушылар тәжірибе алмасып, өскелең ұрпаққа экологиялық тәрбие беру, өлкетану зерттеулерін дамыту, оқушылардың патриоттық құндылықтары мен зерттеушілік дағдыларын қалыптастыруға бағытталған үздік тәжірибелерімен бөлісті.
Туған өлкені тану – оған деген жанашырлық пен қамқорлықтан басталады! 💚





