Орман өрттерін сөндіру бойынша мемлекеттік орман күзеті, орман өрт сөндіру станциялары және авиациялық өрт сөндіру қызметі қызметкерлерін оқыту қағидаларына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2025 жылғы 17 қаңтардағы № 10-П, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2025 жылғы 25 қаңтардағы № 25 бірлескен бұйрықтарына және Павлодар облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының 2026 жылғы 17 ақпандағы № 04-Ө бұйрығына сәйкес, 2026 жылғы өрт қауіпті маусымға дайындық шеңберінде «Ертіс орманы» МОТР-де басшы емес құрам қызметкерлеріне арналған оқыту курсының қорытынды емтиханы 26 ақпанда өткізілді.
Қорытынды тестілеу мемлекеттік орман күзеті, орман өрт сөндіру станциялары және авиациялық өрт сөндіру қызметі қызметкерлері арасында ұйымдастырылды.
Орманды қорғау – табиғи байлықты сақтау мен қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңызды кепілі.







