Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Ұйымдастырушы) өзгерістер мен толықтырулар енгізілген конкурстық құжаттама жобасының қайта орналастырылғаны туралы хабарлайды.
Әлеуетті қатысушылар, қоғамдық бірлестіктер және мүдделі тұлғалар алдын ала талқылауға қатысуға шақырылады.
- Талқылау нысанасы: «Ертіс орманы» МОТР РММ учаскелерін туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру үшін қысқа мерзімді пайдалануға беру жөніндегі конкурстық құжаттама жобасы, қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары, бағалау өлшемшарттары және учаскелерді беру шарттары.
- Жариялаудың мақсаты: Ашықтықты қамтамасыз ету, бәсекелестікті шектейтін талаптарды болдырмау және ресми конкурс жарияланғанға дейін құжат ережелеріне қатысты негізделген ескертулерді, ұсыныстарды немесе түсіндіру сұрауларын жинау.
- Ескертулер мен ұсыныстарды қабылдау мерзімі: Осы хабарландыру интернет-ресурста орналастырылған күннен бастап 5 (бес) күнтізбелік күн ішінде – 2026 жылғы 18 маусымнан бастап 2026 жылғы 22 маусымды қоса алғанға дейін.
- Өтініштерді жолдау тәртібі: Конкурстық құжаттама жобасына қатысты ескертулер, сондай-ақ түсіндіру сұраулары Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларына сілтеме жасай отырып міндетті негіздемемен Ұйымдастырушыға жазбаша немесе электрондық түрде жолдануы тиіс.
Ұсыныстарды жолдауға арналған байланыс деректері:
- Электрондық пошта мекенжайы:
- Пошталық мекенжайы: 141113, Павлодар облысы, Шарбақты ауданы, Шалдай ауылы, Ленин көшесі, 60, туризм және экологиялық ағарту бөлімі.