2024 жылғы 11 мамырда "Ертіс орманы" табиғи резерват басшылығы және туризм және экологиялық ағарту бөлімінің мамандары Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің делегацияларын және Өзбекстаннан келген профессорларға экскурсия ұйымдастырды.
Экскурсия ХІХ - ХХ ғасырдың аңызға айналған Семейде, Бұхарада мұсылмандық туралы жоғары білім алған Ғабдулл Уахит Хазрет кесенесінен басталады.
Саяхат ЕҚТА аумағында жалғасты, онда қонақтар резерват қызметінің негізгі бағыттарымен, қарағайлы орманмен танысты.
«Қарағай алаңы» қонақ үйінің аумағында туристер қарағай көшеттерін отырғызды. Экологиялық іс-шара «Таза Қазақстан» «Парктер шеруі 2024» акциясына орайластырылды.