Резерваттың туризм бөлімінің мамандары Шарбақты ауданы оқушыларына экскурсия өткізді.
Уваков А. М. С., Незбаева М. В. оқушыларды Дендропаркте қарсы алып, ЕҚТА жұмысымен таныстырды.
Экскурсия қатысушылары орман өрті кезінде қаза тапқан мемлекеттік инспекторларды бір минут үнсіздікпен еске алды.
Өрт сөндіру қызметімен танысу мақсатында оқушылар «Шалдай» авиабазасына барды, онда балаларға тікұшақтың орманды қорғауда маңызды рөл атқаратыны атап өтілді. Келесі кезекте орман өрт сөндіру бекетіне барып, ондағы қызметкерлердің жұмысымен танысты.

 

Іс-шара ауыл көшелерінде табиғат қорғау үндеулермен, экологиялық шерумен жалғасты.
Экскурсия тамшылатып суару жүйесі бар «Шалдай» орман тұқымбағында жалғасты. Мамандар – Сапаров Қ.Е., Незбаева М.В. орман өсіру процесі – бүршіктерді жинаудан бастап дайындалған алқаптарға отырғызуға дейін жұмыстармен таныстырды.
Экскурсия өңіріміздің ерекше көрікті жері – аңыздары ел аузында жүрген кезінде өмірін халыққа қызмет етуге арнаған Ғабдул Уахит хазірет бабамыздың кесенесінде жалғасын тапты.
Қонақ үйде жас табиғат қорғаушыларына дастархан жайылып, орманды және ондағы барлық тірлішік иелерін қорғау тақырыбында дәріс өткізілді.
Сондай-ақ экскурсияға қатысушыларға Шалдай ауылдық округіне қарасты шекара заставасына экскурсия ұйымдастырылып, балалар шекарашыларымыздың шеберлігі мен әскери дайындықтарын тамашалады.

 

IMG_8676.JPGIMG_8678.JPGIMG_8679.JPGIMG_8681.JPGIMG_8682.JPGIMG_8683.JPG