27, 30 және 31 қазан күндері туризм бөлімі мамандары «ЭКСПРЕСС ТУР» ЖШС-мен бірлесіп, Павлодар қаласындағы №34 мектептің 2–4 сынып оқушыларына танымдық экскурсия ұйымдастырды. Іс-шараның мақсаты – өскелең ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, отансүйгіштікке тәрбиелеу және табиғатты қорғау мен өңір қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты мамандықтарға қызығушылығын арттыру болып табылады.
Экскурсия барысында оқушылар дендросаябаққа, орман өртін сөндіру кезінде қаза тапқан мемлекеттік инспекторларға арналған ескерткішке, орман өрт станциясына, орман тұқымбағына, авиациялық бөлімшеге және шекара бекетіне барды.
Экскурсия кезінде резерват мамандары балаларға қарағай көшеттерін өсіру, орманды қорғау мен қалпына келтіру, орман өрттерінің алдын алу және оларды сөндіру шаралары, авиациялық қызметтің жұмысы мен шекара бөлімшелерінің міндеттері туралы әңгімелеп берді.











