Шегірен жалпы орта білім беру мектебінің оқушылары игі бастаманы қолдап, табиғатымыздың көркеюіне өз үлестерін қосты.
Іс-шара барысында Сейтен орманшылығының мемлекеттік инспекторларының жетекшілігімен 120 қарағай тұқымы себілді. 🌲 Бұл оқушылар үшін табиғатты аялаудың маңыздылығын ұғынуға және қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттыруға керемет мүмкіндік болды.
🌿 Кішкентай қадамдар үлкен өзгерістерге бастайды! Осындай әрекеттер арқылы біз жасыл болашаққа бірге үлес қосамыз. 🌍