Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің ресми сайтында хабарланғандай, ағымдағы жылдан бастап өткізу құны 345 теңге (ҚР Салық кодексінің 589-592-баптарының негізінде өткізу құны ерекше қорғалатын табиғи аумақты пайдаланғаны үшін әрбір жеке және заңды тұлғадан 0,1 АЕК мөлшерінде салық аударымы болып табылады).
Жеке тұлғалар өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтауға, ағаштар мен бұталардың бұзылуына және кесілуіне, орман дақылдарының зақымдануына, жабайы өсетін орман ресурстарын, дәрілік шикізатты олардың өсімін молайтуға зиян келтірмейтін мерзімдерде және тәсілдермен жинауға міндетті.
⠀Орман заңнамасын бұзған адамдарға әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеміз.
⠀Рұқсат құжаттарынсыз ЕҚТА жерлеріне бару жеке тұлғалар үшін ескерту беруге немесе 5 АЕК айыппұл салуға әкеп соғады. Ал ҚР ормандарында – ЕҚТА да өрт қауіпсіздігі және санитарлық ережелер талаптарын бұзғаны үшін 367-баптың 3-тармағына сәйкес, жеке тұлғаларға 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салу қарастырылған.