10 қазан күні «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында туризм және экологиялық ағарту бөлімі мамандары Сейтен орманшылығының қызметкерлері және Есілбай мектебінің оқушыларымен бірге орман шетінде орналасқан ЛПС маңында 100-ден астам қарақат көшетін отырғызды.
Бұл игі дәстүр – үлкен істің бастамасы. Әр орманшылықта қарақат бақтарын қалыптастыру жоспарлануда. Орман шаруашылығы картасында бірінен соң бірі жайқалып өсіп келе жатқан жасыл бұрыштар – қамқорлықтың, өмірдің және ұрпақтар сабақтастығының символына айналмақ.
Ағаш отырғызу – тек қоршаған ортаны көгалдандыруға қосылған үлес қана емес. Бұл – табиғатқа деген ұқыпты көзқарастың сабағы, туған жерге деген сүйіспеншіліктің жарқын үлгісі, үлкендерден жастарға жеткізілетін аманат.