Ағымдағы жылы 14 шілде күні Торайғыров Университетінің биология ғылымдарының кандидаты, ботаник, профессор Камкин В.А., А. Х. Ержанованың жетекшілігімен «География үйінің» жас өлкетанушылары, ата-аналар, резерват аумағына экскурсияға келді. «Ертегіде қонақта» туристік маршрутынан бастау алған экскурсия , «Өз өлкеңді таны», «Лешканың соқпақ жолы» туристік маршруттары бойымен жүріп отырып, «Ғабдұл Уахит Хазрет» туристтік маршрутымен аяқталды.
Сонымен қоса, «Қарағай алаңы» қонақ үйінде, Шалдай орман тұқымбағында, жабайы жануарларға арналған жасанды су қоймасында болды.
Экскурсия барысында туристтерге табиғи резерваттың туризм және экологиялық ағарту, ғылым, ақпарат және мониторинг бөлімдерінің мамандары өлкеміздің табиғи байлықтары, тарихы, табиғи ескерткіштер жайлы қызықты ақпараттармен бөлісті.