1 сәуір — Халықаралық құстар күніне орай Бесқарағай орманшылығында «Құстарға қамқор болайық» атты экологиялық акция өтті.
Іс-шара «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылды.
Акция барысында мектеп орманшылығының шебері Ахмедиева А.А. «Жас орманшы» мектеп орманшылығының Шақа орта мектебінің оқушыларымен бірлесіп, Бесқарағай орманшылығының басшысы Қасымов Б.Д. мен мемлекеттік инспекторлардың қолдауымен құстарға арналған ұялар жасап, орнатты.
Аталған акция жас ұрпақтың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттырып, құстарға қамқорлық көрсетуге бағытталған.

 

 

image-01-04-26-11-08.jpegimage-01-04-26-11-08-1.jpegimage-01-04-26-11-08-2.jpeg