Бүгін Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің тапсырмасына сәйкес Павлодар облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының Орман және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бөлімінің басшысы Елюбаев Ш.Б. «Ертіс орманы» орман табиғи резерваты мамандарына арнап оқыту түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Іс-шара барысында:

Төтенше жағдайлар кезінде уәкілетті органдар мен ұйымдардың өзара іс-қимыл алгоритмдері,
Ормандағы өрт қауіпсіздігі ережелері,
Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде кеспеағаш аймағын бөліп беру мен таксациялау тәртібі,
Ағаш кесу ережелері бойынша жан-жақты түсіндіру жұмыстары өткізілді.
Мақсат – мамандардың біліктілігін арттыру және табиғи байлықтарды сақтаудағы жауапкершілікті күшейту.