Бүгін Торайғыров Университетінің «Орман ресурстары және орман шаруашылығы» тобының студенттері күзгі орман қалпына келтіру жұмыстарына қатысты.
Бұл іс-шара Универстетпен резерват арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде іске асырылуда.
Орман тұқымбағынан көшеттерді қазып, Бесқарағай филмалы Тайбағар орманшылығына апарып отырғызды.
Болашақ орманшылардың ағаш отырғызуы – табиғатқа қамқорлық көрсетудің, экологияны жақсартуға қосқан үлесінің жарқын көрінісі.
Әрбір отырғызылған ағаш болашақта таза ауа, жасыл желек және табиғат тепе-теңдігін сақтауға өз үлесін қосады.
Сонымен қатар, бұл бастама тек экологияға ғана емес, болашақ орманшылардың өзіне де пайдалы. Олар тәжірибе жинап, қоршаған ортаны қорғаудың маңызын сезінеді.
Мұндай шаралар экологиялық сананы қалыптастыруға, сондай-ақ қоғамның табиғатқа деген жауапкершілігін арттыруға бағытталған.