Парктер шеруі табиғатты қорғау акциясы аясында Іле-Алатау ұлттық табиғи паркімен бірлесе отырып «Біз жершарының экологтарымыз» атты экологиялық акция өтті. Акцияның мақсаты өскелең ұрпақты қоршаған ортаны қорғауға, еліміздің табиғи байлықтарымен жақынырақ таныстыру, экологиялық тәрбие беру.
Акция барысында Іле-Алатау ұлттық табиғи паркінің мамандары парк аумағында экскурсия өткізді, өлкенің флорасы мен фаунасы жайында таныстырды. Резерваттың туризм және экоағарту бөлімінің басшысы Г.Р. Нурумова резерваттың экологиялық ағартуда жасалып жатқан жұмыстарымен танысытырып өтті. «Жас орманшы» мектеп орманшылығының мүшесі Шалдай жалпы орта білім беру мектебінің оқушысы Азиза Незбаева «Парктер шеруі» табиғатты қорғау акциясна оқушылардың белсене қатысытатындарын және табтғат қорғауда өткізіліп жатқан акциялар өте қызықты және пайдалы деген ойымен бөлісті.
Жыл сайын аталмыш акция қатысушыларының саны көбеюде. Акция аймақтық деңгейде өтуде және де БАҚ да мақалалар жарияланып, радиода сұхбат берілуде.
Парктер шеру акциясының жоспарына сәйкес акция табиғат қорғауға шақыру шерулері, велосипедшілер шеруі, «жасыл» концерттер, мектептерде шығармалар мен плакаттар байқауы, ағаш отырғызу, сондай-ақ қалдықты қайта циркуляциялау науқаны және аумақты тазарту тәрізді қызықты шаралар арқылы жалғасын табады.