Табиғатқа адамгершілікпен және ұқыптылықпен қарауды үйрету, экологиялық сана мен қоршаған ортаның жай-күйі үшін жауапкершілікті бала кезінен тәрбиелеу керек.

Сондықтан туризм бөлімінің мамандары жас ұрпақтың бойында экологиялық мәдениет дағдыларын, белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыруға бағытталған көптеген экологиялық акцияларды жоспарлады.

Осындай акциялардың бірі "Біз табиғатты қорғаушылармыз!».

Балаларға өрт қауіпсіздігі туралы әңгіме жүргізілді, одан әрі көшелерде «қоқысқа тастамаңыз, қоршаған ортаны ластамаңыз» деген үндеулермен оқушылар ауыл көшелеріне шығып, дүкен аралап, көліктерді тоқтатып, табиғатты қорғау тақырыбына арналған парақшалар таратты.