Ағымдағы жылдың 09 ақпан күні «Ертіс орманы» табиғи резерваты қызметкерлері Шарбақты аудандық полиция бөлімімен табиғат қорғау заңнамасының (заңсыз ағаш кесу, аң аулаудың) бұзылуын болдырмау және анықтау мақсатында құрылған өзара әрекеттесу жоспарына сәйкес мемлекеттік орман қорының аумағында бірлескен кезекті рейдтік іс-шара жүргізді.
Кезекті рейд барысында заң бұзышылық фактілері анықталған жоқ.
Егер Сіз заң бұзушылықтың куәгері болсаңыз, бұл туралы дереу орман күзетіне 87182 78 77 32 немесе 102 нөміріне хабарласуыңызды сұраймыз.
Қоршаған ортаны қорғау заңнамасын сақтаңыз! Табиғатты қорғаңыз!