Құрметті тұрғындар мен қонақтар!

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда ағаштарды заңсыз кесу – заңмен қудаланады. Мемлекеттік инспекторлар ескертеді: мұндай әрекеттер үшін қатаң әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

🌱 Табиғатқа жанашырлық танытайық!
Біз өңір тұрғындарын табиғат байлығына жауапкершілікпен қарауға шақырамыз. Әрбір ағаш – біздің болашағымыздың кепілі.

🚨 Егер заңсыз әрекеттердің куәгері болсаңыз, дереу құқық қорғау органдарына немесе орман күзетіне хабарласыңыз.