2024 жылғы 12 қыркүйек күні резерваттың бас директорының м.а. Қ.Қ. Әметов Бесқарағай филиалының ғимаратында тұрғындарды кезекті рет жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Қабылдауға алдын ала жазылған тұрғындар өздерін толғандырған мәселелерін жеткізді. Жеке қабылдауға келген тұрғындар жұмысқа орналасу және жеке мәселелерімен жүгінді.
Қабылдау барысында резерват басшысы әрбір тұрғынның жеке мәселесін тыңдап, заңдылыққа сәйкес жауап берді.
Естеріңізге саламыз қабылдауға 8(71836) 3-22-52 қабылдау бөлімі, 8(777)545-09-45 ұялы телефоны арқылы жазыла алады.