Табиғи резрваттың Ғылым, ақпарат және мониторинг бөлімінің басшысы Қ.Г. Жунусов және аға ғылыми қызметкер А.Ж. Омарханов, ғылыми қызметкер Т.Ш. Бимжанов Шалдай филиалының күзгі және көктемгі қарағай екпелерінің өсіміне бақылау жүргізу мақсатында Шалдай тұқымбағына барды.
Көшеттердің бойының ұзындықтары өлшенді, 1 жылдық көшеттердің бойы 15-20 см болса, биылғы жылғы көшеттер 6-7 см құрайды. Бұл көрсеткіш барлық стандартқа сай келеді. Топырақтағы құнарлықты көбейту мақсатында пар (жер) алқаптарында жоңышқа мен эспарцет себілген. 2022 жылғы екпелер хрущ және мамыр қоңыздарына қарсы инсектицидпен (Актар) өңделді. Көктемгі ағаш отырғызу кезінде отырғызылған қарағай көшеттері жерсіңіп, бой көтеруде.