Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің қолдауымен «Ертіс орманы» орман табиғи резерваты лизинг арқылы заманауи өрт сөндіру жабдықтарымен толық жарақталған арнайы техникалармен қамтамасыз етілді.
Автопаркіміз 34 бірлік шағын өрт сөндіру кешендері және 15 трактормен толықты. Бұл техникалар орман өрттерінің алдын алу, патрульдік бақылау, мониторинг жүргізу және төтенше жағдайларға жедел әрекет ету жұмыстарын тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
2025 жылы қосымша 34 бірлік АЦ-3 маркалы өрт сөндіру машиналарын сатып алу жоспарланған.
Мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан мұндай қолдау – орманды қорғау ісінің маңызды мемлекеттік басымдықтардың біріне айналғанының айқын дәлелі.