Есумқанов М.З. қызметкерлер арасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет» тақырыбында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың негізгі талаптары түсіндіріліп, әрбір қызметкердің қызметтік міндетіне және лауазымына қарамастан заң талаптарын қатаң сақтауы қажеттігі атап өтілді.

Сонымен қатар, жұмыс уақытында және жұмыстан тыс уақытта, оның ішінде демалыс күндері моральдық-этикалық нормаларды сақтау мәселелері қарастырылып, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің талаптары бойынша түсіндірме берілді.

Іс-шараның мақсаты – ұжымда адалдық қағидаттарын нығайту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және құқықтық сауаттылықты арттыру.

 

 

image-30-05-26-03-16.jpgimage-30-05-26-03-16-1.jpgimage-30-05-26-03-16-2.jpgimage-30-05-26-03-16-3.jpg