Есумқанов М.З. қызметкерлерге «Сыбайлас жемқорлық дегеніміз не?» тақырыбында дәріс өткізді.

 Іс-шара барысында қызметкерлерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың негізгі ережелері түсіндірілді. Қызметтік лауазымына қарамастан, әрбір қызметкер заң талаптарын қатаң сақтауға және сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарға жол бермеуге міндетті екені ерекше атап өтілді.

 Сондай-ақ, қызметтен тыс уақытта, оның ішінде Жаңа жыл қарсаңындағы мерекелік іс-шаралар кезінде моральдық-этикалық нормаларды сақтау бойынша нұсқаулық беріліп, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің талаптары түсіндірілді.

 Мұндай кездесулердің мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, құқықтық сауаттылықты арттыру және қызметтік әдеп қағидаттарын нығайту.

 

 

image-30-12-26-05-45.jpgimage-30-12-26-05-45-1.jpgimage-30-12-26-05-45-2.jpgimage-30-12-26-05-45-3.jpg