Жаңа жыл мерекесі қарсаңында шырша ағаштарын заңсыз кесу фактілерінің алдын алу мақсатында арнайы рейдтік іс-шаралар жалғасуда.
Табиғатты қорғау – әрбіріміздің ортақ міндетіміз! Сондықтан табиғатқа зиян келтірмей, жасанды шыршалар таңдауға шақырамыз.
Рейд барысында орманды қорғау ережелерінің сақталуын қадағалап, заңсыз әрекеттерге жол бермеу басты мақсат.
Естеріңізге сала кетейік: орман заңнамасын бұзу әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады!
Табиғатты бірге қорғайық!