Бүгін резерваттың бас директорының м.а. Қ.Қ.  Әметов резерват ғимаратында тұрғындарды кезекті рет жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Қабылдауға алдын ала жазылған тұрғындар өздерін толғандырған мәселелерін жеткізді. Жеке қабылдауға келген тұрғындар отындық ағаш босату, тұқымбақтың жұмысы бойынша және жеке мәселелерімен жүгінді.

Қабылдау барысында резерват  басшысы әрбір тұрғынның жеке мәселесін тыңдап, бірқатарына заңдылыққа сәйкес жауап берді.

Сондай-ақ, әр мәселені жеке бақылауға алатындығын атап өтті.

Қазбек Әметов резерваттың дамуына белсенді қатысуға ұмтылысы үшін тұрғындарға алғыс білдірді.

Естеріңізге саламыз, аймақ тұрғындары қабылдауға 8(71836) 3-22-52 қабылдау бөлімі, 8(777)545-09-45 ұялы телефоны арқылы жазыла алады.