Ағымдағы жылы өрт қауіпті маусымда өрт сөндіру техникасына су құю үшін резерваттың Бәйімбет, Тайбағар, Шошқалы, Степной орманшылығы аумағында көлемі 50м3 болатын 4 сыйымдылық орнатылды.
Резерват бойынша 3 жасанды өрт су қоймасы (су төгетін құрылғыға су алуға арналмаған) және орманшылықтар мен орман алқаптарында орналасқан су көлемі 25-50 м3 болатын 32 сыйымдылық (11 сыйымдылық орман алқабының ішінде, орманшылықтар кеңсесінен алыс орналасқан) бар.