Ерлан Нұрғанатұлы жұмыс сапарын Орман өрттерін ерте анықтау жүйесінің орнатылу барысымен танысудан бастады.

Орман өрттерін ерте анықтау жүйесі – бұл орманда мониторинг жасау мен орман өрттерін ерте анықтауға арналған бағдарламалық-аппараттық кешен. Бұл жүйе өрт маусымында орман және дала өрттерінен залалды айтарлықтай азайтуға көмектеседі.

Осы жүйенің көмегімен орман өрттерін уақтылы анықтап қана қоймай, сонымен қатар орман заңнамасының бұзылуын да анықтауға болады, өйткені жүйе тәулік бойы бейнетүсірілім жүргізеді (мысалы, жүйе диспетчерге тәуліктің түнгі уақытында техниканың қандай да бір қозғалысын анықтаған кезде, болжамды орман бұзушының автомобиль фарасының жарығына жауап бере отырып, сигнал береді).

Бұл жобаға Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінінен 2 млрд. 400 млн. теңге қаражат бөлінген болатын.

Бүгінгі күні мердігер компания бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес барлық жұмыстарды уақытылы атқаруда және жыл соңына дейін жүйені іске қосу жоспарланып отыр.

Сондайқ-ақ, Ерлан Нұрғанатұлы резерваттың материалдық-техникалық базасымен танысты.
2023 жылы өрт қаупін азайту мақсатында және шаруашылық қажеттіліктері үшін 3 бірлік Камаз базасындағы Өрт сөндіру автокөлігі, 1 бірлік Патрульдік автокөлік, 1 бірлік фронтальды тиегіш (бір шөміш, Liy Gong маркасы, жүк көтергіштігі 5 тонна), сатып алынды.