Ағымдағы жылдың 20 желтоқсан күні Туризм және экологиялық ағарту бөлімінің мамандары «Жас орманшы» мектеп орманшылығының жылдық жоспарына сәйкес Шалдай жалпы орта білім беру мектебінің 5 сынып оқушыларына «Ерекше қорғалатын табиғи аумақ» тақырыбында дәріс өткізді.
Оқушылар орман шаруашылығы қызметкерлерінің ормандарды қорғауда, орман алқабын сақтауда қандай рөл атқаратынын білді. Біздің аумақта қанша орман шаруашылығы бар, қандай мамандар жұмыс істейді. Ормандардың адам өміріндегі маңызы және қарағайдың пайдасы жайлы мол ақпарат алды.
Олар жазда және қыста ормандағы мінез - құлық тақырыбында сөйлесті. Балалар орманда тұратын жануарлар әлемі туралы ақпарат алды.
Туризм бөлімінің негізгі міндеттерінің бірі-балаларды табиғатқа ұқыпты қарауға, туған жерге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.