Күн сайын аңшылықтанушылар мемлекеттік инспекторлармен және ТКжНҚ бөлімінің мамандарымен, сондай-ақ табиғатты қорғау полициясымен бірлесіп ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау бойынша патрульдеу жүргізеді.
"Ертіс орманы" мемлекеттік орман табиғи резерватының аумағында аң аулаудың барлық түрлеріне тыйым салынады. Жануарларды заңсыз аулап табиғатқа орны толмас зиян келтіргені үшін азаматтар қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
Республикалық және жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы жануарлар дүниесі объектілерін заңсыз аулағаны үшін залал 3-коэффициентке көбейтіледі.
Мысалы, 2024 жылы ЕҚТА аумағында заңсыз өндірілген елік үшін келтірілген залал 2 769 000 теңгені құрайды.
Егер Сізге заңнаманы бұзу фактілері белгілі болса, белсенді азаматтық ұстанымды көрсетуді, осы фактілер туралы 87182 78 77 32 орман күзетіне немесе 102 пультке дереу хабарлауды сұраймыз.
Табиғатты қорғау заңнамасының ережелерін сақтаңыз! Табиғатты қорғаңыз.
Бесқарағай филиалының аңшылықтанушысы Е. Исатаев