3 маусым велосипед күні. Осы күндерге орай резерваттың туризм және экологиялық білім беру бөлімінің мамандары веломарафон ұйымдастырды.
Велосипед-бұл қол жетімді және экологиялық таза көлік түрі.
Веложарысқа Шалдай ауылының аумағында жұмыс істейтін түрлі ұйымдардың өкілдері - ауылдық округ әкімдігі, мәдениет үйі, психоневрологиялық орталығы, ауылдық кітапхана, шекара заставасының қызметкерлері, авиа бөлімше қатысты.
Бұл күнді тойлау әр адамның қоршаған ортаны қорғауға деген ұмтылысын оятуға арналған.
Веломарафон барысында табиғатты қорғау туралы әңгіме жүргізілді. Әр адам табиғатты қорғауға күш салуы керек!!! Марафон қатысушыларына Шалдай филиалының көрікті жерлеріне экскурсия өткізілді.