Мемлекет басшысының Таза Қазақстан экологиялық акциясын өткізу тапсырмасын орындау, орманды сақтау және молықтыру идеясын қолдау мақсатында, Орман шаруашылығы қызметкерлері күні қарсаңында «Ертіс орманы» табиғи резерватында кәдімгі қарағай көшеттері отырғызылды.
Акция, Есілбай, Шалдай ауылының тұрғындарымен қолдау тапты.
Акцияға қатысушылар Сейтен орманшылығында 4500 дана жас қарағай көшеттерін отырғызды.
Акцияға барлығы 50 адам қатысты.
Осындай іс-шара азаматтарды табиғатты аялауға, ормандарды қалпына келтіру және сақтауда маңызды рөл атқарады.
#ТазаҚазақстан #ОрманҚызметкерлеріКүні #ForestWorkersDay #ДеньРаботниковЛеса